Жаңалықтар

08 Қараша, 2021 / Қазақстан
"Абай" шахтасында тағы да апат болып, алты кенші көз жұмды

"Абай" шахтасында тағы да апат болып, алты кенші көз жұмды

Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында апат салдарынан алты адам мерт болды. Шахтада осыған ұқсас төтенше жағдайлар бұрын да болған, болашақта да қайталануы әбден мүмкін. 13 жыл бұрын шахтада болған қайғылы оқиғалардан кейін құрылған "Шахтерлар отбасы" қоғамдық бірлестігі жұмысшылар "жүйенің кепіліне" айналды деп есептейді.
Жексенбі күні шахтадағы апат салдарынан алты адам қазаға ұшырады. Төтенше оқиға Қарағанды өңірі мен шахтерлар көп тұратын Абай қаласын дүр сілкіндірді. Апаттан шахтаға жол салатын жұмысшылар мен шеберлер опат болды.
05 Қараша, 2021 / Қазақстан
Шымкенттегі инфекциялық ауруханада жұмыс істеген 70-ке жуық азамат жалақысын ала алмай жүр

Шымкенттегі инфекциялық ауруханада жұмыс істеген 70-ке жуық азамат жалақысын ала алмай жүр

Шымкентте індет өршіп тұрған тұста өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, инфекциялық аурухананың жаңа бөлімшесінде жұмыс істеген жетпіске жуық азамат не айлығын, не үстеме ақысын ала алмай отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
08 Қазан, 2021 / Қазақстан
Аштық жариялаған тау-кен комбинатының жұмысшылары ауруханаға түсті (видео)

Аштық жариялаған тау-кен комбинатының жұмысшылары ауруханаға түсті (видео)

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл маңындағы Обухов тау-кен комбинатының жұмысшылары аштықтың 4-ші аптасында ауруханаға түсті. Олардың жағдайын дәрігерлер бақылап жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Тау -кен комбинаты жұмысшыларының аштық жариялағанына бүгін 27 күн болды. Зауыт лицензиясына қатысты наразылық танытқандар аштықтың 4-ші аптасында денсаулықтары сыр беріп, ауруханаға түсті.
28 Қыркүйек, 2021 / Қазақстан
"Тоқаев мәселені шешудің ырымын жасады". Жаңаөзендегі еңбек дауы штабынан пайда бар ма?

"Тоқаев мәселені шешудің ырымын жасады". Жаңаөзендегі еңбек дауы штабынан пайда бар ма?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзенде еңбек дауларын шешетін ведомоствоаралық штаб құруды тапсырды. Бұл штабқа мемлекеттік органдар мен "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры кірмек. Ал сарапшылар штаб я комиссия құрамында еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жүрген жұмысшылар, құқық қорғаушылар мен тәуелсіздік кәсіподақ өкілдері болмаса мұндай штабтар мәселені шешпейді деп санайды.
27 Қыркүйек, 2021 / Қазақстан
Казахстан: Тараз түбіндегі жарылыс: қаза тапқан құтқарушылардың отбасы 20 млн теңгеден алады.

Казахстан: Тараз түбіндегі жарылыс: қаза тапқан құтқарушылардың отбасы 20 млн теңгеден алады.

Төтенше жағдай министрлігінің басшысы Тараз маңындағы жарылыстан көз жұмған құтқарушылардың отбасына берілетін төлемдер туралы айтты
11 Қыркүйек, 2021 / Қазақстан
"Аралтұз" компаниясының жұмысшылары ереуілді тоқтатты, олардың жалақысы көбейтіледі

"Аралтұз" компаниясының жұмысшылары ереуілді тоқтатты, олардың жалақысы көбейтіледі

Кәсіподақ пен жұмысшылардың уәжін қарастырған компания басшылығы жалпы экономикалық жағдайды ескере отырып, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өндіріс қызметкерлерінің жалақысын 22,5 пайызға өсіру туралы шешім қабылдады. Одан бөлек, жыл қорытындысы бойынша өндіріс жоспарын орындағаны үшін әрбір жұмысшыны қолдау әрі ынталандыру шарасы ретінде қосымша сыйақы белгілеу тапсырылды
10 Қыркүйек, 2021 / Қазақстан
"Жалпыға ортақ еңбек". Жаңартылған білім стандартына ұстаз неге наразы?

"Жалпыға ортақ еңбек". Жаңартылған білім стандартына ұстаз неге наразы?

Батыс Қазақстан облысының мұғалімдері жаңартылған білім стандартына наразы. Оған еңбек сабағындағы оқу форматының өзгеруі себеп болған. Жаңа ережеге сай, енді ұлдар мен қыздарды бұрынғыдай бөлек оқытуға болмайды. "Балаларды қалай оқыту керек?" деген сұрақпен бірге тағы бір мәселе бар. Жаңа оқу жылында көп мұғалімнің жалақысы азайған. Еңбек сабағында ұлдар мен қыздарды бір сыныпқа біріктіргеннен кейін арнайы құрылғымен жұмыс істейтін мұғалімнің сағаты қысқарған. Олар бұл туралы тамыздың аяғында хабарлаған. Ондаған адам жағдайды түсіндіруді сұрап, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасына барған.
10 Қыркүйек, 2021 / Түрікменстан
Түркіменстанда жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдерді мақта теруге шығарып жатыр

Түркіменстанда жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдерді мақта теруге шығарып жатыр

Биыл Түркіменстанда мақта жинау науқаны жылдағыдан ерте басталды. Мары өңірінде тамыз айының ортасынан бастап тұрғындарды мақта теруге шығара бастаған. Бұдан бөлек алимент төлемеген ер азаматтарды да мәжбүрлі түрде мақта алқабына алып кетіп жатыр.
08 Қыркүйек, 2021 / Қазақстан
Сот "заңсыз" деген ереуілде тұрғандар жұмыс берушіге қойған талабы орындалғанын күтпек

Сот "заңсыз" деген ереуілде тұрғандар жұмыс берушіге қойған талабы орындалғанын күтпек

Маңғыстаудағы West Oil Software және Techno Trading LTD компаниясы жұмысшыларының жалақыны көтеруді талап етіп ереуілдеп жатқанына екі аптадан асты. Екі компания да ереуілді заңсыз деп тануды сұрап сотқа жүгінген. Олардың бірінің арызын Қарақия аудандық соты қанағаттандырды. Ереуілшілер жұмыс беруші ұсынған үстеме мөлшерімен келіспейді.
21 Шілде, 2021 / Қазақстан
Жаңаөзендегі жүргізушілер ереуілі жетінші күн жалғасып жатыр

Жаңаөзендегі жүргізушілер ереуілі жетінші күн жалғасып жатыр

Жаңаөзендегі "МұнайСпецСнабкомпани" мекемесіндегі 200-ге жуық жұмысшының ереуілдеп жатқанына 21 шілдеде жеті күн болды. Жұмысшылардың сөзіне қарағанда, басшылық олардың талабын орындай алмаймыз деген. Есесіне еңбек құқығын талап етіп, ыстықта палатка астында жатқан жұмысшыларға құқық қорғау органдары ескерту айтып, қысым басталған. Жұмысшылар басшылыққа жалақыны 100 пайыз өсіру, жұмыс жағдайын жақсарту сияқты 11 талап қойған.