10 ақпанда Маңғыстауда үш компания президентке видеоүндеу жолдап, жұмыс жағдайына шағым айтты және еңбекақыны көбейтуді талап етті. Әлеуметтік желіде таратқан видеоүндеуінде Маңғыстау облысы Сайөтес кентіндегі "ПЧ-12" теміржол мекемесінің теміржолшылары еңбек жағдайын жақсартып, жалақыны көтеруді талап етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 ақпан күнгі үкіметтің кеңейтілген отырысында Маңғыстау облысында "еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп келе жатқанын" айтып, мәселені шешу қажеттігін атап өтті. – Жұмысшылардың барлық талабын мұқият қарау керек. Олардың заңды құқықтары мен мүдделері сақталуы тиіс. Кәсіподақ жетекшілері мен жұмысшылары шеруге шығып жатқан компаниялармен сындарлы диалог орнату қажет. Қабылданған шешімдердің барлығын қарапайым жұмысшыларға дұрыстап түсіндіру керек, –деді Тоқаев.
Осы аптада Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымының атқарушы директоры Кеннет Рот видеоформатта кездесу өткізді. Конференция барысында HRW өкілі қаңтар оқиғасын зерттеуге халықаралық сарапшыларды тарту қажеттігін атап өткен. Дегенмен Қазақстан СІМ-нің кездесу туралы ресми хабарламасында ол жөнінде ақпарат болмай шықты.
8 ақпанда таңертең Жаңаөзен қаласындағы ереуілшілерге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары мен "Қазмұнайгаз", "Өзенмұнайгаз" компаниялары өкілдері келді. Олармен жолыққан ереуілшілер ешқандай комиссиямен келісімге отырмайтынын, талаптары тек жұмыс орны екенін айтты. Бұл туралы жаңаөзендік азаматтық белсенді Серік Бақтыбайұлы Facebook парақшасындағы тікелей эфирде жүргізген видео таратты.
Ақтаудағы "Маңғыстау атом энергетика комбинаты (МАЭК) - Қазатомөнеркәсіп" мекемесінің мыңға тарта жұмысшысы мекеме маңында ереуілдеп жатқалы екінші күн. Олар жалақыны өсіріп, еңбек жағдайын жақсартуды, белсенді жұмысшыларды қудаламауды талап етіп жатыр.
Олар кәсіпорын қызметкерлерді сыйақыдан айыратынына наразылық білдіріп, компанияны мемлекет меншігіне алуды сұрады
Қазақстанда қаңтар оқиғаларынан кейін адам құқтарының жайы қандай күйде? Ресми биліктің сөзі сенім тудыра ма? Халықаралық қауымдастық қандай баға беріп жатыр? Азаттық Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия бойынша директоры Хью Уильямсоннан сұхбат алды.
Куәгерлер 6 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңында әскери киім кигендер бейбіт тұрғындарға оқ атқанын айтады. Ол кезде қалада "террористерге қарсы операция" жүргізіліп жатқан еді. Азаттық 6 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңында оқиға қалай өрбігенін анықтап көруге тырысты. Қалың тұман, ыс иісі, түнгі тәртіпсіздік пен бассыздықтың ізі. 5 қаңтарда мыңдаған адам қала әкімдігі мен президенттің Алматыдағы резиденциясына басып кірген еді. Ертеңіне қала ортасындағы телеарна мен радиостанция редакциялары талқандалды, дүкендер тоналып, Алматы тұрғындарының көбі үйінен шыға алмай қалды. Радио эфирінен елде "терроризмге қарсы операция" жүріп жатқаны ескертілді.
Ресми дерек бойынша, Қазақстандағы қаңтар оқиғалары кезінде 225 адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды. Із-түзсіз жоғалғандар, жарақатымен қамалғандар өте көп. Халықаралық ұйымдар елде адам құқықтарының ахуалы нашарлады деп дабыл қағып, Қазақстан басшылығынан барлық мән-жайды бейтарап зерттеуді талап етеді.
Құқық қорғау альянсының басты мақсаты – наразылықтардың хронологиясын, барысын объективті және әділ белгілеуге, құқық қорғау органдары мен демонстранттардың әртүрлі топтарының іс-әрекеттерін талдауға, наразылықтардың бейбіт кезеңнен зорлық-зомбылыққа өту себептерін, әділ сот процесінің стандарттарын қатаң сақтау үшін тергеу барысында азаматтардың іргелі құқықтарын сақтауға, азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттерге жол бермеуге, кінәлілерді әділ жазалауға, ал жазықсыздарды қылмыстық жауапқа тартпауға, саяси оппозиция мен азаматтық қоғам өкілдерін зорлық-зомбылық жасағандардан бөліп қарауға атсалысу.