Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзенде еңбек дауларын шешетін ведомоствоаралық штаб құруды тапсырды. Бұл штабқа мемлекеттік органдар мен "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры кірмек. Ал сарапшылар штаб я комиссия құрамында еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жүрген жұмысшылар, құқық қорғаушылар мен тәуелсіздік кәсіподақ өкілдері болмаса мұндай штабтар мәселені шешпейді деп санайды.
Төтенше жағдай министрлігінің басшысы Тараз маңындағы жарылыстан көз жұмған құтқарушылардың отбасына берілетін төлемдер туралы айтты
Кәсіподақ пен жұмысшылардың уәжін қарастырған компания басшылығы жалпы экономикалық жағдайды ескере отырып, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өндіріс қызметкерлерінің жалақысын 22,5 пайызға өсіру туралы шешім қабылдады. Одан бөлек, жыл қорытындысы бойынша өндіріс жоспарын орындағаны үшін әрбір жұмысшыны қолдау әрі ынталандыру шарасы ретінде қосымша сыйақы белгілеу тапсырылды
Батыс Қазақстан облысының мұғалімдері жаңартылған білім стандартына наразы. Оған еңбек сабағындағы оқу форматының өзгеруі себеп болған. Жаңа ережеге сай, енді ұлдар мен қыздарды бұрынғыдай бөлек оқытуға болмайды. "Балаларды қалай оқыту керек?" деген сұрақпен бірге тағы бір мәселе бар. Жаңа оқу жылында көп мұғалімнің жалақысы азайған. Еңбек сабағында ұлдар мен қыздарды бір сыныпқа біріктіргеннен кейін арнайы құрылғымен жұмыс істейтін мұғалімнің сағаты қысқарған. Олар бұл туралы тамыздың аяғында хабарлаған. Ондаған адам жағдайды түсіндіруді сұрап, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасына барған.
Маңғыстаудағы West Oil Software және Techno Trading LTD компаниясы жұмысшыларының жалақыны көтеруді талап етіп ереуілдеп жатқанына екі аптадан асты. Екі компания да ереуілді заңсыз деп тануды сұрап сотқа жүгінген. Олардың бірінің арызын Қарақия аудандық соты қанағаттандырды. Ереуілшілер жұмыс беруші ұсынған үстеме мөлшерімен келіспейді.
Жаңаөзендегі "МұнайСпецСнабкомпани" мекемесіндегі 200-ге жуық жұмысшының ереуілдеп жатқанына 21 шілдеде жеті күн болды. Жұмысшылардың сөзіне қарағанда, басшылық олардың талабын орындай алмаймыз деген. Есесіне еңбек құқығын талап етіп, ыстықта палатка астында жатқан жұмысшыларға құқық қорғау органдары ескерту айтып, қысым басталған. Жұмысшылар басшылыққа жалақыны 100 пайыз өсіру, жұмыс жағдайын жақсарту сияқты 11 талап қойған.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында маусымның соңында басталған ереуілдер тізбегі толастамай тұр. Негізгі талап – еңбекақыны көтеріп, жұмыс жағдайын жақсарту. 19 шілдеде бірнеше мекеме ереуілге қосылды. Олардың дені – мемлекеттік "Өзенмұнайгаз" компаниясына қызмет көрсететін мекеме жұмысшылары. 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы да осы компания жұмысшыларының еңбек дауынан тұтанған.
Жаңаөзенде мұнай өндіруші "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бұрғыларын жөндейтін "КЕЗБИ" мекемесінің жұмысшылары бір аптадан соң ереуілді тоқтатып, жұмысқа шықты. Олар жалақы өсіру, жұмыс жағдайын жақсарту бойынша қойған 12 талаптың "ішнара орындалғанын" айтады.
Жаңаөзенде "КЕЗБИ" компаниясының 600-ден астам жұмысшысы екі күннен бері жұмысты тоқтатып, ереуілдеп жатыр. Олар еңбек жағдайын жақсартуды, жалақыны көтеруді, өздері құрған кәсіподақ белсенділерін қудаламауды талап етеді. "ӨзенМұнайГаз" компаниясының мердігер мекемесі "КЕЗБИ" жұмысшылары 30 маусымнан бері жұмысты толық тоқтатқан. Олар 30 маусымда түнгі ауысымның жұмысшылары ереуілді таң атқанша жалғастырғанын айтады.
Ақтөбе қаласында жолаушылар тасымалына жауапты екі компанияның бірі "Жолаушылар автокөлік кәсіпорнында" дүйсенбі күні басталған наразылық әлі де ішінара жалғасып жатыр. Сондықтан компания кей бағыттардағы 6 автобустың орнына 3-4 көліктен шығаруға мәжбүр болған.
- Жұмысшыларымыздың 10-20 пайызы бүгін де желіге шықпады. Осыған орай қала тұрғындары аялдамаларда сәл кідіріңкіреп қалуы мүмкін. Ең бастысы, қозғалыс мүлдем тоқтап қалған жоқ. Соның өзі жетістік, - деді Азаттыққа телефонмен берген сұқбатында компания өкілі Асанәлі Қайдаров.