05.12.2022 / Қазақстан

Болашақта зейнетақының 3 түрі болады

Болашақта зейнетақының 3 түрі болады

Үкімет сағатында болған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жинақтаушы жүйеге қатысты жоспарды бөлісті, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазіргі жүйе бойынша еліміздегі зейнеткерлер өзі жинаған ақшасы (айлықтан 10 пайыз) мен мемлекет беретін базалық зейнетақының қосындысын алып келеді.

Енді 2024 жылдан бастап болашақ зейнеткерлер үшін жұмыс беруші де төлем жасайтын болады. Оның көлемі 1,5 пайыздан басталып, жыл сайын өсіп отырады. Сөйтіп 2028 жылы деңгейі 5 пайызға жетеді.

Оқи отырыңыз:

"Осылайша қазір жұмыс істеп жатқан адамдар, нақты айтқанда зейнетке 2038 жылдан кейін шығатындар зейнетақының 3 түрін алатын болады. Мемлекет зейнетке 2038 жылға дейін шығатын адамдарды да ұмытпайды. Олардың базалық зейнетақысы көбейтіледі, — деді министр.

Тамара Дүйсенова бұған дейін еліміздегі әр отбасының цифрлық картасы жасалғаны туралы айтқан еді.

Экспресс К