4 Мамыр 2022 / Қазақстан

Казахстан: 2022 жылғы І тоқсандағы жалақы

2022 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 285433 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 23,7%, ал нақты жалақы индексі 12,7% құрады.

Толығырақ
Қазақстандағы орташа жалақы – 275 мың теңге
18 Сәуір 2022 / Қазақстан

Қазақстандағы орташа жалақы – 275 мың теңге

Бюро мәліметіне сәйкес, 2022 жылғы ақпандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 143 246 теңгені құрады (алдын ала деректер), бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 17,3% жоғары, көрсетілген кезеңде нақты ақшалай табыс 7,9 % артты.

Әкімдікке ТШО-дан жұмыстан шығарылғандардың толық тізімі керек
31 Наурыз 2022 / Қазақстан

Әкімдікке ТШО-дан жұмыстан шығарылғандардың толық тізімі керек

31 наурызда облыс әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Оған облыс әкімі, мемлекеттік органдардың өкілдері, мұнайгаз секторындағы кәсіпорындардың және басқа да ірі компаниялардың басшылары қатысты.

Билік Жаңаөзенде аштық жариялағандардың талаптарын орындау мүмкін еместігін мәлімдеді
16 Наурыз 2022 / Қазақстан

Билік Жаңаөзенде аштық жариялағандардың талаптарын орындау мүмкін еместігін мәлімдеді

"Өңірдің барлық тұрғындарын мұнай-газ саласына бірден жұмысқа орналастыру мүмкін емес. "Өзенмұнайгаз" құрылымына жұмысқа қабылдаудың белгілі бір алгоритмі бар, ол кезек тәртібімен жұмыс істейді. Аштық жариялаған 19 адам оларды     "Өзенмұнайгаз" - да жалпы кезекке тұруды талап етеді, бұл мүмкін емес, өйткені бұл басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге қатысты әділ болмайды", - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі ҚазТАГ агенттігіне сәрсенбіде.

Ақтөбеде газ түбіртегін тарататын жұмысшылар жалақының аздығына наразылық білдірді
11 Ақпан 2022 / Қазақстан

Ақтөбеде газ түбіртегін тарататын жұмысшылар жалақының аздығына наразылық білдірді

Ақтөбеде үй аралап, тұрғындарға газ шаруашылығының түбіртегін тарататын жүзден астам контролер жалақының аздығына наразылық білдірді. Оларды облыс аудандарындағы әріптестері де қолдап отыр. Барлығы 179 адам талаптары орындалмайынша газдың түбіртегін таратпауға келіскен.

Маңғыстауда тағы үш мекеме жұмысшылары видеоүндеу жасап, басшылыққа талап қойды
11 Ақпан 2022 / Қазақстан

Маңғыстауда тағы үш мекеме жұмысшылары видеоүндеу жасап, басшылыққа талап қойды

10 ақпанда Маңғыстауда үш компания президентке видеоүндеу жолдап, жұмыс жағдайына шағым айтты және еңбекақыны көбейтуді талап етті. Әлеуметтік желіде таратқан видеоүндеуінде Маңғыстау облысы Сайөтес кентіндегі "ПЧ-12" теміржол мекемесінің теміржолшылары еңбек жағдайын жақсартып, жалақыны көтеруді талап етті.

Тоқаев Маңғыстау облысындағы наразылық туралы айтты
9 Ақпан 2022 / Қазақстан

Тоқаев Маңғыстау облысындағы наразылық туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 ақпан күнгі үкіметтің кеңейтілген отырысында Маңғыстау облысында "еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп келе жатқанын" айтып, мәселені шешу қажеттігін атап өтті. – Жұмысшылардың барлық талабын мұқият қарау керек. Олардың заңды құқықтары мен мүдделері сақталуы тиіс. Кәсіподақ жетекшілері мен жұмысшылары шеруге шығып жатқан компаниялармен сындарлы диалог орнату қажет. Қабылданған шешімдердің барлығын қарапайым жұмысшыларға дұрыстап түсіндіру керек, –деді Тоқаев.