Жаңалықтар

24 Ақпан, 2021 / Қазақстан
Құқық қорғаушы наразылық акциясына шықты

Құқық қорғаушы наразылық акциясына шықты

«Заң жобасы бойынша жоғары құрылым – республикалық адвокаттар алқасы мен заң жөнінде кеңесшілердің республикалық палатасы құрылады. Біздің ойымызша, бұл құрылымдар төмендегі адвокаттық кеңселер мен адвокаттар және заңгерлер палатасын тәуелсіздіктен толық айыруды көздейді. Олар нені ұсынады? «Адвокат және заң қызметін жетілдіреміз» деген желеумен түрлі жарна енгізіп, қандай да бір ақпарат жүйелерін, деректер қорын тықпалап жатыр, оны пайдаланып, сол үшін ақша төлеу де міндетті болады», – деді құқық қорғаушы. Шорманбаев сөзінше, билік 30 жылдан бері тәуелсіз салаларды мемлекеттендіру процесі жүруде. Енді ол тәуелсіз адвокаттар саласына да келген.

12 Ақпан, 2021 / Қазақстан
Еуропарламент Қазақстанға қатысты резолюция қабылдады

Еуропарламент Қазақстанға қатысты резолюция қабылдады

Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы саяси жағдайды қатаң сынап, санкция енгізуді ұсынды.  Еуропарламент пленарлық отырысында «Қазақстандағы адам құқықтары мәселесіне қатысты» арнайы резолюция қабылдады. Онда соңғы уақыттар тәуелсіз ұйымдар мен саяси белсенділерге қысымның күшейгені, 10 қаңтарда өткен парламент сайлауында сайлау және сайлану құқығы болмағаны жөнінде айтылған.
10 Ақпан, 2021 / Қазақстан
Атырауда мектеп салып жатқан жұмысшылар еңбекақыларын талап етіп отыр

Атырауда мектеп салып жатқан жұмысшылар еңбекақыларын талап етіп отыр

Бір жылға жуық еңбек еткен азаматтардың не зейнетақы жарналары, не медициналық сақтандыру төлемдері аударылмаған. Сондай-ақ, бас мердігер жеке кәсіпкерлердің де ақысын бермей сенделтіп қойған көрінеді.
АСХАТ ДАЛБАЕВ, жұмысшы:
– Мамырда бастап кірдік, 9 ай болып қалды ғой. Осы уақыттан бері ештеңе төлеген жоқ. Бірақ үш ай сайын аударамыз деді.
09 Ақпан, 2021 / Қазақстан
Қытайлық компанияға талап

Қытайлық компанияға талап

Ақтөбеде тағы мұнайшылар бас көтерді. Бұл жолы да қытайлық «Сағыз Петролиум» компаниясының 200-ге жуық жұмысшысы Ақтөбедегі бас кеңсенің алдына жиналды. Атырау мен Ақтөбе аумағында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын мұнайшылардың екі талабы бар. Біріншісі  - жалақыларын 100 пайызға өсіру. Екіншісі - отыз күндік жұмыс кестесін он бес күнге қысқарту.
05 Ақпан, 2021 / Қазақстан
"Есек сияқты жұмыс істейміз". Алматы дәрігерлері сыйақы төлеу тәртібіне нараз

"Есек сияқты жұмыс істейміз". Алматы дәрігерлері сыйақы төлеу тәртібіне нараз

Індет қатеріне байланысты дәрігерлерге үстемақы төлеу жүйесі биыл қаңтардан бастап тағы өзгерді. Бұдан былай жедел жәрдем қызметкерлері коронавирус жұқтыру қаупі айқын науқастарға барғаны үшін ғана ақы алады. 5 ақпанда Алматыдағы он екі подстансаның қызметкерлері бұған наразылық білдірді.
01 Ақпан, 2021 / Қазақстан
"Талабымыз орындалатын болды". "КМК Мұнай" мен "АМК Мұнай" жұмысшылары ереуілді тоқтатты

"Талабымыз орындалатын болды". "КМК Мұнай" мен "АМК Мұнай" жұмысшылары ереуілді тоқтатты

Ақтөбе өңіріндегі "КМК Мұнай" мен "АМК Мұнай" жұмысшылары ереуілді тоқтатқаны хабарланды. Өткен аптада олар жалақыны екі есе көбейтуді талап етіп, ереуіл жариялаған. Облыс әкімдігі компаниялар мен жұмысшылар мәмілеге келіп, Көкжиде мен Бәшенкөл кеніштерінде жұмыс қайта жалғасқанын айтады.
01 Ақпан, 2021 / Қазақстан
Көші-қон заңнамасына өзгерістер енгізілді

Көші-қон заңнамасына өзгерістер енгізілді

Пандемия Қазақстанға келген шетелдіктердің өмірі мен жоспарларына түзетулер енгізді. Тікелей көлік қатынасының болмауы, транзиттік жол жүру үшін шекаралардың жабылуы, әуе билеттерінің жоғары бағасы – осы факторлардың барлығы заңға бағынатын шетелдіктердің көпшілігіне белгіленген мерзімде Қазақстаннан кетуге мүмкіндік бермейді. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елде уақытша болатын шетелдіктер мәртебесін заңдастыруға және Қазақстан заңнамасының бұзылуына жол бермеуге мүмкіндік беретін шешім қабылдады.
28 Қаңтар, 2021 / Қазақстан
"Бұдан әрі төзе алмаймыз". Көкжидедегі мұнайшылар ереуілінің төртінші күні

"Бұдан әрі төзе алмаймыз". Көкжидедегі мұнайшылар ереуілінің төртінші күні

Ақтөбе облысындағы Көкжиде кенішінде 25 қаңтардан бері мұнай өндірісі тоқтап тұр. Жалақыны 100 пайыз көбейтіп, жұмыс жағдайын жақсартуды талап еткен 100-ге тарта мұнайшы күн сайын таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін өндіріс аумағындағы ашық алаңқайға жиналады. Басшылық ереуілшілер талабын орындау мүмкін емес дейді.
27 Қаңтар, 2021 / Қазақстан
Қазақстанның салық органдары үкіметтік емес үш ұйымның жұмысын үш айға шектеп, айыппұл салды.

Қазақстанның салық органдары үкіметтік емес үш ұйымның жұмысын үш айға шектеп, айыппұл салды.

Қазақстанның салық органдары үкіметтік емес үш ұйымның жұмысын үш айға шектеп, айыппұл салды. Тағы он шақтысын тексеріп жатыр. Адам құқығы, сөз бостандығы мәселесімен айналысатын ұйым жетекшілері мұның саяси астары бар дейді.
19 Қаңтар, 2021 / Қазақстан
Нұр-Сұлтанда салық инспекциясы “Еркіндік қанаты” ұйымына айыппұл салды

Нұр-Сұлтанда салық инспекциясы “Еркіндік қанаты” ұйымына айыппұл салды

Былтыр қараша соңында Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдері салық органдары тарапынан негізсіз тексеріс болып жатқанын мәлімдеген. Салық органдары тарапынан тексеруге “Еркіндік қанаты”, “Халықаралық құқықтық бастама”, “MediaNet” халықаралық журналистика орталығы, “Құқықтық медиа орталық” ұйымдары, “Эхо”, “Кадір қасиет”, Қазақстандағы адам құқығы бюросы ұшыраған.