24 Қазан, 2023
КӘСIПТIК ОДАҚТАР ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

КӘСIПТIК ОДАҚТАР ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аумақтық кәсіподақтар бірлестігі – аудан, қала, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі кәсіподақтар бірлестігі;
2) әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған, тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген өзара қатынастар жүйесі;
08 Қазан, 2023
Кәсіподақ әлiппесi

Кәсіподақ әлiппесi

Өз қалауы бойынша кәсіподақтар құру немесе оған кіру еркіндігі – ұлттық заңдармен, көптеген елдердің конституцияларымен, халықаралық нормалармен бекітілген адамның негізгі құқықтарының бірі. Кәсіподақ қызметі үшін ешкімді жазалауға және қудалауға болмайды. Сонымен қатар, заңдар кедергі келтірмеуді қоса алғанда, кәсіптік одақтардың жұмыс істеуі үшін қалыпты жағдай жасауды бұйырады. Кәсіподақ қозғалысының азаматтық қоғам мүдделерінен өзге мүддесі жоқ. Сондықтан олардың рөлін Біріккен Ұлттар Ұйымы және Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) сияқты халықаралық демократиялық қоғамдастықтың консенсусын білдіретін институттар мойындайды. ХЕҰ, атап айтқанда, «кәсіподақ қозғалысының негізгі және тұрақты миссиясы, бұл – экономикалық және әлеуметтік әлауқат» екенін мойындайды, ал БҰҰ- ның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактісі Пактіге қатысушы мемлекеттерді «әр адамның өзінің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру және қорғау үшін кәсіптік одақтар құру және өз қалауы бойынша соларға кіру құқығын» қамтамасыз етуге міндеттейді.
Сонымен, біріктіру еркіндігі – адамның маңызды құқықтарының бірі, оны үкіметтер мен халықаралық ұйымдар мойындайды, бірақ бұл біз үшін нені білдіреді? Басқаша айтқанда: бізге кәсіподақ не үшін керек?
20 Сәуір, 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР

Қазіргі таңда Қазақстанда халық санының артуы мен құрылымының өзгеруінде, халықтың өмір сүру ұзақтығының және қартаюының артуында, сонымен қатар кенттену және сыртқы көшіқонда көрініп отырған демографиялық ауысу байқалуда. Қолданыстағы демографиялық трендтер елдің әлеуметтік-экономикалық үрдістерге ары қарай да қатты әсер ететін болады, соның ішінде жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық параметрлерінің, және де экономикада саласында жұмыс істейтін жұмыс күші сипатының өзгеруіне де елеулі әсерін тигізеді.

Соңғы 10 жыл ішінде халық құрылымында біруақытта еңбекке қабілетті жастан үлкенірек және жасырақ халық үлесін арттыру қатар еңбекке қабілетті азаматтардың үлесінің қысқартылуы
орын алуда. Сөйтіп, егер 2010 жылы еңбекке қабілетті жастағы 1000 адамға еңбекке жарамсыз 557 адам сай келсе, ал 2020 жылы – 713 адам болды.
20 Сәуір, 2022
Казахстан: Мигрант

Казахстан: Мигрант

БАРУҒА БОЛАДЫ!
ЕГЕР:
- Сіз фирманың ресми сайтында және/немесе Интернетте ол туралы ақпаратты тексеріңіз;
- Сіз фирманың шетел азаматтарын жұмысқа орналастыруға рұқсаты/лицензиясы бар-жоғына сенімді болсаңыз;
- Сіз фирмамен және/немесе жұмыс берушімен ресми екіжақты келісім-шартқа қол қойсаңыз;
- Сізге жұмыс визасы рәсімделінсе;
- Сіз туыстарыңызға төлқұжатыңыз бен келісім-шарттың көшірмесін, сондай-ақ байланыс мәліметтеріңізді қалдырсаңыз;
- Сізде баратын елде мемлекетіңіз елшіліктерінің байланыс телефондары болса.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:
Сіздің өз өміріңізді таңдауға құқығыңыз бар.
Сіздің еркіндік құқығыңыз бар.
20 Сәуір, 2022
Қазақстан Республикасында кәсіподақты қалай құру керек?

Қазақстан Республикасында кәсіподақты қалай құру керек?

Кәсіподақ құру дегеніміз жарғыны мемлекеттік тіркеп және заңды тұлға мәртебесін, заңды тұлғаның филиалы мәртебесін, кәсіподақты алғаш ұйымдастыру мәртебесін алып, осылайша істің аяқталғанын мүлде білдірмейді. Тіркелген кәсіподақ немесе алғашқы кәсіпшілер одағының ұйымы – бұл оны құрудағы алғашқы қадам. Бұл – қатты мұқтаж болған адамдарды тартуыңыз керек болатын үлкен жұмыстың басталуы.
Төмендегілерге байланысты негізгі кәсіподақ міндеттерін шешуге көңіл аударыңыз:
• Еңбекақыны өсіру;
• Жұмысқа қатысты уақытты қысқарту (бұл жұмыс уақытының ұзақтығы туралы емес);
• Еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің денсаулығы;
• Кәсіпорын өз құрылымын өзгерткен, жұмысшылардың санын қысқартқан немесе таратылған (қайта ұйымдастырылған) жағдайда, жұмыспен қамтылу мәселелері;
Кәсіпорынның, қызметкерлердің, әкімшіліктің немесе инженерліктехникалық қызметкерлердің қалған барлық күрделі мәселелеріне Сіздің қатысуыңыз ақылға салынған болу керек және Сіздің мақсатыңызға сай келіп, кәсіпшілер одағының негізгі міндеттерін шешуге көзделуі тиіс.
08 Маусым, 2021
ҚР КЕТТЛИНГТІ ҚОЛДАНУ: ОЗБЫРЛЫҚ ҚҰРАЛЫ

ҚР КЕТТЛИНГТІ ҚОЛДАНУ: ОЗБЫРЛЫҚ ҚҰРАЛЫ

2020 жылдың маусым айынан бастап Қазақстанда полиция наразылық акцияларына қатысушыларды тыныштандырудың жаңа әдісін қолдана бастады. Полиция оларды тығыз шеңберге алып, не су-тамақ ішуіне, не дәрет сындыруына мүмкіндік берместен шеңберден ешқайда шығармай, он сағаттан артық уақыт ұстап тұрды. Мұндай шаралар қазақстандық заңнамада жазылмаған, бірақ есесіне әлемде белгілі. Бұл әдіс - кеттлинг деп аталады. Бірақ кеттлингті наразылық білдірушілерге қарсы негізсіз және ретсіз қолдану ЗАҢҒА ҚАЙШЫ және АЗАПТАУМЕН ТЕҢ
22 Наурыз, 2021
Кітапша «Жеке еңбек дауларын сотқа дейін және соттан тыс шешу инструментарийі ретіндегі келістіру комиссиялары»

Кітапша «Жеке еңбек дауларын сотқа дейін және соттан тыс шешу инструментарийі ретіндегі келістіру комиссиялары»

Құрметті оқырмандар, еңбек қатынастарының саласы таңғаларлықтай күрделі және кейде онда даулы жағдайлар мен шиеленістер кездеседі. Қазіргі өмір мүлде оңай емес және шиеленістер мен дауларға лайықты түрде төтеп беру керек, оларды мәдениетті түрде шешу қажет. Өзінің еңбек құқықтары үшін кейде тіпті күресу керек, оларды сауатты қорғап қалу қажет. Алайда, еңбек қатынастарының саласы кез келген басқа да тіршілік әрекеті ретінде заманауи қоғамда ымыраға келуді жоққа шығармайтынын есте сақтау керек. Құқықтық өзі әртүрлі ұжымдық және жеке мүдделерді келісудің нәтижесі болып табылатынын ұмытпау керек. Тіпті бұрынғы заман адамдары да келісім құқықты тудыратынын айтып кеткен. Бұл толықтай еңбек қатынастарына да қатысты. Сіздің қолыңыздағы нағыз жұмыс, құрметті оқырмандар, еңбек дауының мәнін түсінулеріңіз үшін және осы дау қандай жолмен, келіссөздер және ымыралы шешімдер арқылы реттелуі мүмкін екенін көруге көмектесуге арналған. Мұндай дауларды көптеген жағдайларда сот процедураларына жүгінусіз-ақ, мәдениетті түрде шешуге болады. Осы кітапшада қамтылған ақпарат Сізге қызықты да пайдалы болады деп үміттенеміз.
22 Шілде, 2020
Кітапша «Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары және оларды қорғау»

Кітапша «Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары және оларды қорғау»

Бала еңбегі көптеген заманауи елдерде, соның ішінде Қазақстанда да өзекті мәселе болып отыр. Ол халықаралық құқық қорғау ұйымдарының әртүрлі баға беруін тудырады. Балалардың еңбегі, бір жағынан – ұнамсыз құбылыс, себебі, бала мектепке бару керек, білім алу керек, ересек өмірге дайындала отырып, білімді болуы қажет, және, әлбетте, балаларды ең шеткі, аса қауіпті еңбекке жегуге жол берілмеуі тиіс, себебі бұл нағыз қанау болып саналады. Екінші жағынан, көптеген балалар жұмыс істейді, ал еңбекті кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің маңызды факторы деп, өздерінің қажеттіліктеріне жұмсай алатын, жақындарына көмектесу үшін пайдалана алатын балалардың табыс табу көзі ретінде қарастыруға болады. Осы орайда, кәмелетке толмағандарды қанаудаға қарсы берік тосқауыл қоятын және балаларға қатысты әлеуметтік әділетсіздікке жол бермейтін олардың еңбегін құқықтық реттеу аса маңызды болып отыр. Осы басылымда құрметті оқырман, жасөспірімдердің еңбек қызметінің құқықтық тетіктері туралы, олардың еңбек құқықтарын қорғау туралы әңгімелейміз. Балалар – біздің болашағымыз, міне сондықтан, осы келешегіміз үшін лайықты әлеуметтік негіз құруымыз қажет.
22 Шілде, 2020
Кітапша «Еңбек шарттарын тоқтату: теориясы мен тәжірибесі»

Кітапша «Еңбек шарттарын тоқтату: теориясы мен тәжірибесі»

Құрметті оқырман берілген басылымда біз еңбек шартын тоқтату секілді өзекті құқықтық, тәжірибелік мәселе туралы айтамыз. Өмірде бәрі «өтеді және барлығы өзгереді», әсіресе заманауи Қазақстанда қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында. Біз жұмысты жиі ауыстыруымыз мүмкін және бұны ешкім талқыламайды. Бұл, белгілі бір шамада жұмыскердің жұмылғыштығының, сұраныста болу көрсеткіші. Бұл құбылыстың себептері әртүрлі. Біреулер көбірек еңбекақы өленетін жұмысты табады, ал біреулерге еңбек жағдайлары ұнамайды, сөйтіп ол жаңа жұмыс берушіні іздейді, басқалары тұрғылықты жерн өзгертіп, бөтен қалаға кетеді. Алайда, осындай ұқсас шешімдердің жағдайы қандай болғанына қарамастан, олар қазіргі жұмыс орны бойынша еңбек құқық қатынастарын тоқтатумен әрдайым байланысты болады. Сондықтан, құрметті оқырмен, еңбек құқық қатынастарын тоқтату деген не, оның негіздері, түрлері, құқықтық салдары қандай екенін талқылауымыз керек.
26 Маусым, 2020
№190-КОНВЕНЦИЯСЫ

№190-КОНВЕНЦИЯСЫ

Кәсіподақтар №190-Конвенцияны ратификациялауын қамтамасыз етуде және оны қағаз жүзінен шынайы өмірге әкелуде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Мемлекеттен Конвенцияны ратификациялап, оны ұлттық заңнамаға қосуды талап ету үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек.