31.10.2023 / Қазақстан

Бас прокуратура қылмыстық іс аясында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ құжаттамасын тәркіледі

Бас прокуратура қылмыстық іс аясында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ құжаттамасын тәркіледі

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ – Бас прокуратура қылмыстық іс аясында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ құжаттамасын тәркіледі, деп хабарлады қадағалаушы органның баспасөз қызметінен.
«Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы шахтасында болған оқиғаларды тергеуді жалғастыруда. Жергілікті орында үйлестіруді Бас Прокурордың бірінші орынбасары жүзеге асыруда. Газ-метан қоспасының жарылуының себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында шахтаға түсу арқылы оқиға орнын алғашқы тексеру жүргізілді. Ауысым қызметкерлерінен, «АМТ» Көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінен жауап алынды. Бірқатар сот сараптамалары, оның ішінде жарылыс-техникалық, биологиялық, геномдық-молекулалық және т.б. тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.

Кеншілер еңбегінің қорғалуының материалдық қамтамасыз етілу талаптарына сәйкестігін тексеру және қорытынды беру үшін мемлекеттік аудит мамандары мен басқа да сарапшылар тартылды.

«Шахтада жұмыстарды ұйымдастыруға және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған құжаттамар алынып, талдануда. Өзге де қажетті іс-шаралар өткізілуде. Кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады. Зардап шеккендер мен туыстарының қатысуымен өткізілетін тергеу әрекеттері олардың денсаулық жағдайы және жерлеу рәсімдерін өткізу қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске салсақ, 28 қазанда Костенко атындағы шахтада болжам бойынша метан газы жарылған. Жарылыс 2 км астам қашықтыққа дейін тараған.

29 қазанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Ел бойынша тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары кейінге қалдырылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне «АрселорМитталТемиртау» АҚ-мен әріптестікті тоқтатуды тапсырды. Қарағанды облысындағы кеншілердің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үкіметте мәлімдегендей, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ меншігіне құқықты Қазақстанға беру бойынша мәмілені рәсімдеу аяқталып қалған. Тоқаев Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Вадим Басинге АМТ-ны басқаруды тапсырды.

Қазақстанда Лакшми Митталды жауапқа тарту талабы қойылған петиция жарияланды.

Kaztag.kz